Анықтамалық нұсқаулық

73
t
4 Ақ түс балансын өлшеңіз.
Индикаторлар жыпылықтауын тоқтатқанға
дейін, негізгі нысанды көріністапқышқа
толық кіретіндей етіп жақтау ішіне алып,
ысырманы босату түймешігін соңына дейін
басыңыз. Ешқандай фотосурет
жазылмайды; ақ түс балансын фотокамера
фокуста болмаған кезде де дəл өлшеуге болады.
5 Нəтижелерді тексеріңіз.
Егер фотокамера ақ түс балансының мəнін
өлшеген болса, оң жақтағы хабар
көрсетіледі жəне фотокамера сурете түсіру
режиміне оралмас бұрын көріністапқышта
a шамамен сегіз секунд бойы
жыпылықтайды. Суретке түсіру режиміне
дереу оралу үшін ысырманы босату
түймешігін жартылай басыңыз.
Егер жарық тым қараңғы немесе тым ашық
болса, фотокамера ақ түс балансын өлшей
алмауы мүмкін. Ақпараттық дисплейде
хабар пайда болады жəне көріністапқышта
b a жарқылы шамамен сегіз секунд бойы
пайда болады. 4-қадамға оралып, ақ түс
балансын қайта өлшеңіз.