Анықтамалық нұсқаулық
74
t
D Алдын-ала енгізілген ақ түс балансының мəнін өлшеу
Егер дисплейлер жыпылықтап тұрған кезде ешбір əрекет орындалмаса, тікелей өлшеу
режимі баптау мəзіріндегі Auto off timers (Автоматты өшу таймерлері) параметрі үшін
таңдалған уақытта аяқталады (0 140). Əдепкі баптауы сегіз секунд болып табылады.
D Алдын-ала енгізілген ақ түс балансының мəні
Фотокамера бір уақытта ақ түс балансының алдын-ала енгізілген бір мəнін ғана сақтай
алады; жаңа мəн өлшенген кезде бар мəн ауыстырылады. Ақ түс балансын өлшеген кезде
экспозицияның 1 ЭМ есеге автоматты түрде көбейетінін ескеріңіз; M режимінде түсірген
кезде экспозиция индикаторының ±0 көрсетуі үшін экспозицияны реттеңіз (0 57).
A Алдын-ала енгізілген ақ түс балансының мəнін өлшеудің басқа əдістері
Ақпараттық дисплейде ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мəнін таңдағаннан кейін
алдын-ала енгізілген мəнді өлшеу режиміне кіру (жоғарыны қараңыз) (0 69) үшін J
бірнеше секунд бойы басыңыз. Егер ақ түс балансы Fn түймешігіне тағайындалған болса
(0 143) жəне Fn түймешігін басып жəне
басқару дискін бұрап ақ түс балансының алдын-ала
енгізілген мəні таңдалса, Fn түймешігі бірнеше секунд бойы басылған кезде фотокамера
алдын-ала енгізілген мəнді өлшеу режиміне кіреді.
A Студия баптаулары
Студия баптауларында ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мəнін өлшеген кезде
стандартты сұр тақтаны негізгі нысан ретінде пайдалануға болады.