Анықтамалық нұсқаулық
75
t
❚❚ Фотосуреттен ақ түс балансын көшіру
Ақ түс балансының мəнін фотосуреттен жад картасына көшіру үшін төмендегі
қадамдарды орындаңыз.
1 Preset manual (Алдын-ала қолмен
енгізілген мəн) таңдаңыз.
Мəзірлерді көрсету үшін G түймешігін
басыңыз. Ақ түс балансының
параметрлерін көрсету үшін суретке түсіру
мəзіріндегі White balance (Ақ түс балансы)
белгілеп, 2 басыңыз. Preset manual
(Алдын-ала қолмен енгізілген мəн)
белгілеп, 2 басыңыз.
2 Use photo (Фотосуретті пайдалану)
таңдаңыз.
Use photo (Фотосуретті пайдалану)
белгілеп, 2 басыңыз.
3 Суретті таңдау пəрменін таңдаңыз.
Select image (Кескінді таңдау) белгілеп, 2
басыңыз (қалған қадамдарды өткізіп жіберу
жəне ақ түс балансының алдын-ала
енгізілген мəні үшін соңғы таңдалған
кескінді пайдалану үшін This image (Бұл
кескін) таңдаңыз).
4 Қалтаны таңдаңыз.
Құрамында бастапқы кескін бар қалтаны
белгілеп, 2 басыңыз.
5 Бастапқы суретті белгілеңіз.
Белгіленген суретті толық өлшемде қарау
үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз.
6 Ақ түс балансын көшіріңіз.
Ақ түс балансының алдын-ала енгізілген
мəнін белгіленген фотосуреттің ақ түс
балансы мəніне орнату үшін J басыңыз.
G түймешігі