Анықтамалық нұсқаулық

78
t
Суретті басқару режимінің баптаулары
Режим Сипаттамасы
Quick adjust (Жылдам
реттеу)
Таңдалған Picture Control режимінің əсерін азайту немесе үлкейту
үшін –2 жəне +2 арасындағы параметрлердің біреуін таңдаңыз
(бұның қолмен жасалған барлық реттеулерді қалпына келтіретінін
ескеріңіз). Мысалы, Vivid (Жанды) үшін оң мəндерді таңдау
суреттерді бұрынғыдан жарқын етеді. Neutral (Бейтарап) немесе
Monochrome (Монохромды) Picture Control режимдерімен қол
жетімді емес.
Қолмен жасалатын өзгертулер
(барлық суретті басқару режимдері)
Sharpening
(Анық ету)
Контурлардың анықтығын реттеңіз. Анық етуді көрініс түріне қарай
автоматты түрде реттеу үшін A таңдаңыз немесе 0 (анық етусіз)
жəне 9 (мəн неғұрлым жоғары, анық ету соғұрлым жоғары)
арасындағы мəндердің біреуін таңдаңыз).
Contrast
(Контраст)
Контрастты көрініс түріне қарай автоматты түрде реттеу үшін A
таңдаңыз немесе –3 жəне +3 арасындағы
мəндердің біреуін
таңдаңыз (төмендеу мəндер портрет нысандарындағы жарық
аумақтарының күн сəлесі əсерінен «ағаруына» жол бермейді,
жоғарылау мəндер контрасты төмен нысандарды жəне пейзажды
түсірген кезде кішігірім элементтерді сақтап қалуға мүмкіндік
береді).
Brightness
(Жарықтығы)
Жарықтықты азайту үшін –1, жарықтықты көбейту үшін +1
таңдаңыз. Экспозицияға əсер етпейді.
Қолмен жасалатын
өзгертулер
(тек монохромды емес)
Saturation
(Қанығуы)
Түстердің жандылығын реттеңіз. Қанығуын көрініс түріне қарай
автоматты түрде реттеу үшін A таңдаңыз немесе –3 жəне +3
арасындағы мəндердің біреуін таңдаңыз (төмендеу мəндер
қанығуын азайтады, ал жоғарылау мəндер оны көбейтеді).
Hue (Реңк)
Қызыл түстерді күлгінге, көк түстерді жасылға жəне жасыл түстерді
сарыға көбірек ұқсас ету үшін теріс мəндерді (ең
төмен –3) жəне
қызыл түстерді қызғылттау, жасыл түстерді көкшілдеу жəне көк
түстерді күлгіндеу ету үшін (ең жоғары +3) оң мəндерді таңдаңыз.
Қолмен жасалатын
өзгертулер
(тек монохромды)
Filter effects
(Сүзгі əсерлері)
Монохромды фотосуреттерде түс сүзгілерінің əсерін еліктейді. Off
(Өшірулі), сары, қызғылт, қызыл жəне жасыл түстердің (0 79)
біреуін таңдаңыз.
Toning (Реңк
беру)
Монохромды фотосуреттерде пайдаланылатын реңді B&W (қара
жəне ақ түс), Sepia (Сепия), Cyanotype (Цианотипия) (көк реңді
монохромды), Red (Қызыл), Yellow (Сары), Green (Жасыл), Blue
Green (Көкшіл жасыл), Blue (Көк),
Purple Blue (Күлгін көк), Red
Purple (Қызыл күлгін) (0 79) арасынан таңдаңыз.
D «A» (автоматты)
Автоматты анық ету, контраст жəне қанығуы нəтижелері экспозицияға жəне нысанның
кадрдағы күйіне қарай əр түрлі болады.