Анықтамалық нұсқаулық

81
x
Тікелей көрініс режимінде фокустау
Фокусты жəне АФ аумағының режимдерін таңдау жəне фокустау нүктесін орнату
үшін төмендегі əрекеттерді орыдаңыз.
❚❚ Фокустау режимін таңдау
Тікелей көрініс күйінде келесі фокустау режимдерін пайдалануға болады:
1 Ақпараттық дисплейге меңзерді
қойыңыз.
Меңзерді ақпараттық дисплейге қою үшін
P түймешігін басыңыз.
2 Фокустау параметрлерін шығарыңыз.
Ақпараттық дисплейде ағымдағы фокустау
режимін белгілеп, J басыңыз.
3 Фокустау параметрін таңдаңыз.
Параметрді белгілеп, J басыңыз. Тікелей
көрініске оралу үшін P басыңыз.
Режим Сипаттамасы
AF-S
Single-servo AF
(Əр кадр бойынша
бақылағыш АФ)
Қозғалмайтын нысандар үшін. Фокустау мүмкіндігі ысырманы
босату түймешігі жартылай басылған кезде құлыпталады.
AF-F
Full-time-servo AF
(Тұрақты
бақылағыш АФ)
Қозғалатын нысандар үшін. Ысырманы босату түймешігі
басылғанша камера үздіксіз фокустайды. Фокустау мүмкіндігі
ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде
құлыпталады.
MF
Manual focus
(Қолмен фокустау)
Қолмен фокустау (0 42).
P түймешігі