Қолданушы нұсқаулығы
132
Z
Ұзақ экспозициялар
(тек h режимі)
Қозғалыстағы жарық көздерінің, жұлдыздардың, түнгі көріністің
немесе отшашудың ұзақ экспозициялары үшін мына ысырма
жылдамдықтарын таңдаңыз.
• Қолмен басылу режимі (A): ысырманы босату түймешігі
төмен басылып тұрған кезде ысырма ашық болады.
Бұлдыратуды болдырмау үшін штатив немесе қосымша
сымсыз қашықтан басқару бөлігін (0 411) немесе қашықтан
басқару сымын (0 412) пайдаланыңыз.
• Уақыт (%): экспозицияны
фотокамерадағы ысырманы босату
түймешігін, я болмаса қосымша қашықтан басқару сымын
немесе сымсыз қашықтан басқару бөлігін пайдалана отырып
бастаңыз. Ысырма отыз минут бойы немесе түймешік екінші
рет басылғанша ашық болып тұрады.
1 Фотокамераны дайындаңыз.
Фотокамераны штативке бекітіңіз немесе оны тұрақты, тегіс
орынға қойыңыз.
Экспозиция ұзақтығы: 35 с
Апертура: f/25
A Ұзақ экспозициялар
Көріністапқыш арқылы кіретін жарықтың фотосуретте көрінуін
немесе экспозицияға кедергі келтіруін болдырмау үшін
көріністапқыш окулярының ысырмасын жабыңыз (0 114). Ысырма
ашық кезде қуаттың үзілуін болдырмау үшін Nikon толығымен
зарядталған батареяны немесе қосымша айнымалы ток адаперін
жəне қуат жалғағышын пайдалануды ұсынады. Ұзақ
экспозицияларда (ашық түсті нүктелер, кездейсоқ орналасқан
жарық нүктелер немесе түстердің əркелкілігі)
болуы мүмкін екенін
ескеріңіз; суретке түсіру алдында суретке түсіру мəзіріндегі Long
exposure NR (Ұзақ экспозиция бұрмалануын азайту) параметрі
үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз (0 308).