Қолданушы нұсқаулығы
133
Z
2 h экспозиция режмін
таңдаңыз.
I (Q) түймешігін
басыңыз жəне жоғарғы
басқару панелінде h
көрсетілгенше басты
басқару дискін бұраңыз.
3 Ысырма жылдамдығын
таңдаңыз.
Экспозиция өлшегіштері қосылып
тұрғанда басты басқару дискін бұрап
«Қолмен басылу режимі» (A) немесе
«Уақыт режимі» (%) ысырма
жылдамдығын таңдаңыз. «Қолмен
басылу режимі» (A) немесе «Уақыт
режимі» (%) таңдалған кезде экспозиция
индикаторлары көрсетілмейді.
4 Ысырманы ашыңыз.
Қолмен басылу режимі: фокустаудан кейін
фотокамерадағы, я болмаса қосымша қашықтан басқару
сымындағы немесе сымсыз қашықтан басқару бөлігіндегі
ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз.
Экспозиция аяқталғанша ысырманы босату түймешігін басып
тұрыңыз.
Уақыт: ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз.
5 Ысырманы жабыңыз.
Қолмен басылу режимі: ысырманы босату түймешігінен
саусағыңызды алыңыз.
Уақыт: ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз.
Суретке түсіру отыз минуттан кейін автоматты түрде
аяқталады.
I (Q) түймешігі
Басты басқару дискі
Қолмен басылу
режимі
Уақыт