Қолданушы нұсқаулығы
137
Z
A Өлшенген аумақ
Нүктелі экспоөлшегіште экспозиция ортасы таңдалған фокустау
нүктесіне келтірілген 4 мм шеңберде өлшенген мəнде құлыптанады.
Ортасы бойынша өлшеуде экспозиция көріністапқыштың ортасындағы
12 мм шеңберде өлшенген мəнге құлыптанады.
A Ысырма жылдамдығы мен апертураны реттеу
Экспозиция құлпы қосулы кезде келесі параметрлерді экспозицияға
арналған өлшенген мəнді өзгертпестен реттеуге болады:
Экспозиция
режимі
Параметр
e
Ысырма жылдамдығы мен апертура (икемді бағдарлама;
0 127)
f Ысырма жылдамдығы
g Апертура
Жаңа мəндерді көріністапқыш пен жоғарғы басқару панелінде растауға
болады. Экспозиция құлпы қосылып тұрғанда өлшеу əдісін өзгерту
мүмкін емес екенін ескеріңіз.
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
c1 (Shutter-release button AE-L (Ысырманы босату түймешігі АЭ-Қ),
0 324) қолданушы параметрі үшін On (Қосулы) күйі таңдалған болса,
экспозиция ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде
құлыптанады. Қосымша селектор ортасының рөлін өзгерту туралы
ақпаратты f6 (Assign sub-selector center (Қосымша селектордың
ортасын тағайындау) қолданушы параметрінен қараңыз, 0 342).