Қосымша бағдарлама жасақтамасының жаңартымының нұсқаулығы (бағдарлама жасақтамасының нұсқасы: 1.40)

SB0I01(Y7)
6MB483Y7-01
Kk «C» бағдарлама жасақтамасының 1.40
нұсқасында қолжетімді мүмкіндіктер
Бұл нұсқаулықта фотокамераның бағдарлама жасақтамасының соңғы
нұсқасында («C» бағдарлама жасақтамасының 1.40 нұсқасы) қолжетімді
жаңа мүмкіндіктер сипатталады.
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көру немесе
фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту үшін баптау
мəзірінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы)
тармағын таңдаңыз. D5 фотокамерасы үшін соңғы бағдарлама
жасақтамасы Nikon жүктеп алулар орталығында жүктеп алу үшін
қолжетімді.
https://downloadcenter.nikonimglib.com/
Диапазонды таңдау
Диапазонды таңдау
Енді D5 фотокамерасына жалғанған WT-6 немесе WT-5 сымсыз
таратқышы арқылы сымсыз желіге қосылғанда, пайдаланушылар
таңдалған SSID үшін диапазонды (2,4 GHz немесе 5 GHz) таңдай алады.
Таңдалған диапазондарда жұмыс істейтін желілерге қосылу үшін:
1
Баптау мəзірінде Network (Желі) > Options
(Параметрлер) > Router frequency band
(Маршрутизатордың жиіліктер диапазоны)
тармағына өтіңіз жəне маршрутизатордың
жиіліктер диапазонын таңдаңыз.
Тек таңдалған диапазонда жұмыс істейтін
желілерге қосылу үшін 2.4 GHz (2,4 GHz)
немесе 5 GHz мəнін таңдаңыз.
Диапазондардың кез келгенінде жұмыс істейтін желілерге қосылу үшін
2.4 GHz/5 GHz (2,4 GHz/5 GHz) параметрін таңдаңыз.
2
Баптау мəзірінде Network (Желі) > Network
settings (Желі параметрлері) тармағына
өтіп, Create profile (Профиль жасау)
пəрменін таңдаңыз.
3
Connection wizard (Байланыс шебері)
тармағын таңдаңыз.
4
Байланыс түрін таңдап, профильге атау
беріңіз.
5
Байланыс əдісін таңдау сұралғанда, Search
for wireless network (Сымсыз желіні іздеу)
пəрменін таңдаңыз.
Фотокамера маңайдағы белсенді желілерді іздеп,
олардың SSID идентификаторларын тізеді.
Router frequency band (Маршрутизатордың
жиіліктер диапазоны) үшін таңдалған
диапазонда немесе диапазондарда жұмыс
істейтін желілер ғана тізіледі. Диапазон желінің
SSID идентификаторының жанында көрінеді.
Диапазондардың екеуінде де жұмыс істейтін сымсыз маршрутизаторлар
арқылы қосылғанда, 2.4 GHz/5 GHz (2,4 GHz/5 GHz) параметрін
таңдасаңыз, фотокамера сымсыз таратқыш анықталған диапазондағы
немесе диапазондардағы SSID идентификаторларын тізеді.
6
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Реттеу аяқталғанда фотокамера таңдалған
желіге қосыла алады.
Байланыс орнатылғаннан кейін ағымдағы
желінің диапазоны Network (Желі)
дисплейінде көрінеді.
D
WT-5D (тек шектеулі аймақтарда қолжетімді)
WT-5D сымсыз таратқышы 5 GHz диапазонын қолдамайды. Router
frequency band (Маршрутизатордың жиіліктер диапазоны) үшін
2.4 GHz/5 GHz (2,4 GHz/5 GHz) немесе 5 GHz параметрі таңдалған
кезде, 5GHz диапазонында жұмыс істейтін желілер тізілмейді.

Summary of content (2 pages)