Қолданушы нұсқаулығы

s
14
s
Фотосурет түсіру негіздері
Суретке түсіру алдында батарея қуатын жəне қалған кадрлар санын тексеріңіз.
1 Фотокамераны қосыңыз.
2 Батарея қуатын тексеріңіз.
Ақпараттық дисплейдегі батарея қуатын тексеріңіз
(батарея қуаты төмен болса, көріністапқышта да ескерту
пайда болады). Монитор өшірулі болса, ақпараттық
дисплейді қарау үшін
P
түймешігін басыңыз; егер
монитор қосылмаса, бұл батарея қуатының таусылғанын
жəне зарядталуы керектігін білдіреді.
3 Қалған кадрлар санын тексеріңіз.
Ақпараттық дисплей мен көріністапқыш
ағымдағы баптаулармен түсіруге болатын
фотосуреттер санын көрсетеді (1000-нан
жоғары мəндер ең жақын жүздік санға
дөңгелектенеді; мысалы, 1200 бен 1299
арасындағы мəндер 1,2 K ретінде көрсетіледі).
Қосымша фотосуреттерді сақтау үшін жад
жеткіліксіз деген ескерту пайда болса, басқа
жад картасын (0 8) салыңыз немесе кейбір
фотосуреттерді өшіріңіз (0 25).
Батарея қуаты жəне жад
картасының сыйымдылығы
Ақпараттық
дисплей
Көріністапқыш Сипаттамасы
L
Батарея толық зарядталған.
K
Батарея қуаты жартылай таусылған.
H d
Батарея қуаты төмен. Толық зарядталған қосалқы
батареяны оңай жерде ұстаңыз немесе батареяны
зарядтауға дайындалыңыз.
H
(жыпылықтайды)
d
(жыпылықтайды)
Батарея қуаты таусылған; ысырманы босату
ажыратылған. Батареяны зарядтаңыз немесе
ауыстырыңыз.