Қолданушы нұсқаулығы

43
t
P режимі (Бағдарламаланған
автоматты режим)
Бұл режимде фотокамера ысырма жылдамдығы мен апертураны көп
жағдайларда оңтайлы экспозицияға қол жеткізу үшін автоматты түрде
реттейді.
Қолданушы оңтайлы экспозицияны беретін ысырма жылдамдығы
мен апертураның түрлі тіркесімдерінен таңдау үшін басқару дискін бұра алады.
S режимі (Ысырманы ұстап тұру
басымдығы бар автоматты режим)
Ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты
режимде ысырма жылдамдығын фотокамера
оңтайлы экспозицияны беретін апертураны
автоматты түрде таңдап жатқан кезде
таңдайсыз.
Ысырма жылдамдығын таңдау үшін басқару
дискін бұраңыз.
A режимі (Апертура басымдығы бар
автоматты режим)
Апертура басымдығы бар автоматты режимде
апертураны фотокамера оңтайлы экспозицияны
беретін ысырма жылдамдығын автоматты түрде
таңдап жатқан кезде таңдайсыз.
Апертураны таңдау үшін басқару дискін бұраңыз
(апертураның максималды жəне минималды мəндері
пайдаланылатын объективке қарай əр түрлі болады).
M режимі (Қол режимі)
Қол режимінде ысырма жылдамдығы мен
апертураны басқарасыз.
Ысырма жылдамдығы басқару дискін бұрап,
апертура E (N) басулы күйде ұстап тұрып жəне
басқару дискін бұрап орнатылады (апертураның
максималды жəне минималды мəндері
пайдаланылатын объективке қарай əр түрлі
болады). Экспозиция индикаторы арқылы
экспозицияны тексеріңіз.
A Экспозиция индикаторы
Оңтайлы экспозиция
1
/3 ЭМ дейін жарық көзінде
кем ұсталған
2 ЭМ аса жарық көзінде
артық ұсталған
Басқару дискі
Басқару дискі
Басқару дискі
E (N) түймешігі
Басқару дискі