Анықтамалық нұсқаулық

7
A Түсірілім мəліметін жасыру
Мониторды өшіру үшін R түймешігін басыңыз. Ысырманы босату түймешігі басылып
тұрғанда немесе шамамен 8 секунд бойы ешқандай амал орындалмаса, монитордың
автоматты түрде өшетінін ескеріңіз (монитордың қанша уақыт бойы қосулы болатынын
таңдауға қатысты мəліметті 160-беттегі Auto off timers (Автоматты өшу таймерлері)
бөлімінен қараңыз). Ақпараттық дисплейді R түймешігін қайта басу арқылы қалпына
келтіруге
болады.
R түймешігі Ақпараттық
дисплей
Монитор өшірулі
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
Ақпараттық дисплейге арналған дизайнды таңдауға қатысты мəліметті Info display format
(Ақпаратты көрсету пішімі) бөлімінен қараңыз (0 169). Ысырманы босату түймешігі
басылған кезде ақпараттың көрінетінін немесе көрінбейтінін таңдауға қатысты мəліметті
Auto info display (Автоматты ақпараттық дисплей) бөлімінен қараңыз (0 171). Тікелей
көрініс режимінде көрсетілетін индикаторларға қатысты мəліметті 97-беттен қараңыз.
Қолдануға болатын баптауларға қатысты мəліметті
221-беттен қараңыз.