Анықтамалық нұсқаулық

13
4 Меңзерді таңдалған мəзір үстіне
қойыңыз.
Меңзерді таңдалған мəзір үстіне қою үшін 2
түймешігін басыңыз.
5 Мəзір элементін белгілеңіз.
Мəзір элементін белгілеу үшін 1 немесе 3
түймешігін басыңыз.
6 Параметрлерді көрсетіңіз.
Таңдалған мəзір элементіне арналған
параметрлерді көрсету үшін 2 түймешігін
басыңыз.
7 Параметрді белгілеңіз.
Параметрді белгілеу үшін 1 немесе 3
түймешігін басыңыз.
8 Белгіленген элементті таңдаңыз.
Белгіленген элементті таңдау үшін J
түймешігін басыңыз. Таңдау жасамай шығу үшін
G түймешігін басыңыз.
Келесіні ескеріңіз:
Сұр түспен көрінетін мəзір элементтерін қазір таңдау мүмкін болмайды.
2 түймешігін басу J түймешігін басумен бірдей əсер бергенімен, кей жағдайда
таңдауды тек J түймешігін басу арқылы жасауға болады.
Мəзірлерден шығып, суретке түсіру режиміне
оралу үшін ысырманы босату
түймешігін жартылай басыңыз (0 23).