Анықтамалық нұсқаулық

21
«Бағытта да, түсір» атты фотосурет
түсіру (
i
жəне
j
режимдері)
Бұл бөлімде параметрлердің көбін суретке түсіру жағдайларына сай
фотокамера басқаратын i жəне j режимдерінде, автоматты
«бағытта да, түсір» режимдерінде фотосуреттерді қалай түсіру
керектігі сипатталады.
1 Фотокамераны қосыңыз.
Объектив қабын алып, фотокамераны қосыңыз. Мониторда ақпараттық
дисплей көрсетіледі.
2 i немесе j режимін таңдаңыз.
Жарқылды пайдалануға тыйым салынған жерде,
сəбилерді немесе жарығы аз жерлерде табиғи
жарықты суретке түсіру үшін режимді таңдау
дискін
j
қалпына бұрау арқылы автоматты
(жарқыл өшірулі) режимін таңдаңыз. Немесе,
дискіні
i
қалпына (автоматты) бұраңыз.
3 Фотокамераны дайындаңыз.
Фотосуреттерді көріністапқышта
жақтауға алған кезде, қол тұтқасын оң
қолыңызбен ұстап, камераның
корпусын немесе объективті сол
қолмен тіреңіз. Шынтағыңызды жай
ғана кеудеңізге тірелген күйде ұстап,
денеңіздің теңселмеуі үшін бір
аяғыңызды екінші аяғыңыздан жарты адымдай алға
созыңыз. Фотосуреттерді портреттік (тік) бағытта жақтауға
алған кезде фотокамераны оң жақта көрсетілгендей
ұстаңыз.
j
режимінде, ысырма жылдамдықтары жарық нашар кезде
баяулайды; осындай кезде штативті пайдаланған жөн.
4 Фотосуретті жақтауға алыңыз.
Негізгі нысанды АФ аумағының жақтауларына
келтіріп, көріністапқышта фотосуретті жақтауға
алыңыз.
Режимді таңдау дискі
АФ аумағының жақтаулары