Анықтамалық нұсқаулық

45
Кірістірілген жарқылды пайдалану
Фотокамераның жеткіліксіз жарықтандырылған немесе артқы жағы жанып тұрған
нысандарға арналған əр түрлі жарқыл режимдеріне қолдауы бар.
❚❚ Кірістірілген жарқылды пайдалану: i, k, p, n, o, s, w
жəне g режимдері
1 Жарқыл режимін таңдаңыз (0 46).
2 Суреттерді түсіріңіз.
Ысырманы босату түймешігі жартылай
басылған кезде жарқыл қажет болған кезде
шығып, фотосуретті түсіру кезінде жанады.
Жарқыл автоматты түрде шықпаса, оны
қолмен көтеруге ƏРЕКЕТТЕНБЕҢІЗ. Бұл сақтық
шарасы орындалмаса, жарқыл зақымдалуы мүмкін.
❚❚ Кірістірілген жарқылды пайдалану: P, S, A, M жəне 0
режимдері
1 Жарқылды көтеріңіз.
Жарқылды көтеру үшін M (Y) түймешігін
басыңыз.
2 Жарқыл режимін таңдаңыз (тек P, S, A
жəне M режимдері; 0 46).
3 Суреттерді түсіріңіз.
Жарқыл сурет түсірілген кезде жанады.
A Кірістірілген жарқылды төмен түсіру
Жарқыл пайдаланылмаған кезде қуатты үнемдеу үшін оны ілмегі
шертіп орнына түскенше төмен қарай ақырын басыңыз.
M (Y) түймешіг