Анықтамалық нұсқаулық

58
Режим A (Апертура басымдығы бар
автоматты режим)
Апертура басымдығы бар автоматты режимде апертураны фотокамера оңтайлы
экспозиция беретін ысырма жылдамығын автоматты түрде таңдап жатқан кезде
таңдауға болады. Үлкен апертуралар (төмен f сандар) анық түсірілетін кеңістік
тереңдігін азайтып, негізгі нысанның арты мен алдындағы нысандарды
бұлдыратады. Кішкентай апертуралар (жоғары f сандар) анық түсірілетін кеңістік
тереңдігін ұлғайтып, артқы фон мен алдыңғы жақтағы нəрселерді анығырақ етіп
көрсетеді. Кішігірім анық түсірілетін кеңістік тереңдігі əдетте портреттерде артқы
фондағы нəрселерді бұлдырату, пейзаждық фотосуреттердегі үлкен анық
түсірілетін кеңістік тереңдігі алдыңғы жақ пен артқы фонды фокусқа алу үшін
пайдаланылады.
Апертура басымдығы бар автоматты режимде фотосуреттер түсіру үшін:
1 Режимді таңдау дискін A күйіне
бұраңыз.
2 Апертура мəнін таңдаңыз.
Апертура көріністапқышта жəне ақпараттық
дисплейде көрсетіледі. Объектив үшін ең
төмен жəне ең жоғары арасындағы
мəндерден қажетті апертураны таңдау үшін
басқару дискін бұраңыз.
3 Фотосуретті жақтау ішіне алыңыз, фокустаңыз жəне түсіріңіз.
Үлкен апертура (f/5.6) Кішкентай апертура (f/22)
Режимді таңдау дискі
Басқару дискі