Қолданушы нұсқаулығы

74
S: Ысырманы ұстап тұру басымдығы бар
автоматты режим
Ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режимде
ысырма жылдамдығын фотокамера оңтайлы экспозицияны
беретін апертураны автоматты түрде таңдап жатқан кезде
таңдауға болады.
Ысырма жылдамдығын таңдау үшін
экспозиция өлшегіштер қосулы кезде
басты басқару дискін бұраңыз. Ысырма
жылдамдығын «v» мəніне немесе
30 с жəне
1
/8000 с арасындағы мəндерге
орнатуға болады.
Басқару панелі Монитор
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
Ысырма жылдамдығы дисплейлерінде жыпылықтайтын «A»
Қолмен басылу режимі») немесе «%» («Уақыт») индикаторы
көрсетілсе не істеу керек екені туралы ақпаратты «Қате туралы
хабарлар» (0 309) бөлімінде қараңыз.
Басты басқару дискі