Қолданушы нұсқаулығы

78
A Тікелей көрініс кезінде дыбыстық сигнал шығарады
Апертураны реттесеңіз, тікелей көрініс селекторын пайдалансаңыз
немесе тікелей көрініс кезінде режимді таңдау дискін айналдырсаңыз,
дыбыстық сигнал шығуы мүмкін. Бұл қатені немесе ақаулықты
көрсетпейді.
A Exposure Preview (Экспозицияны алдын-ала қарау)
P, S, A жəне M режимдерінде ысырма
жылдамдығына, апертураға жəне ISO
сезімталдыққа енгізілген өзгертулер
экспозицияға қалай əсер ететін алдын ала
қарау үшін тікелей көріністі пайдалануға
болады: бар болғаны i түймешігін басып,
Exposure preview (Экспозицияны алдын
ала қарау) үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз
(экспозиция түзетілімін –5 жəне +5 ЭМ арасындағы мəндерге орнат
уға
болғанымен, монито
рда тек –3 жəне +3 арасындағы мəндерді алдын
ала қарауға болатынын ескеріңіз). Экспозицияны алдын ала қарау
A (қолмен басылу режимі) жəне % (уақыт) ысырма
жылдамдықтарында, алдын ала қарау брекетинг кезінде түпкілікті
нəтижені дəл көрсете алмағанда, v ысырма жылдамдығында,
экспозицияны алдын ала қарауды Қосылған D-Lighting (0 153) немесе
HDR (жоғары динамикалық ауқым; 0 155) режимдерімен бір
ге
пайдаланғанда, Pi
cture Control Contrast (Picture Control контрасты)
параметрі үшін A (автоматты) күйі таңдалғанда (0 151), я болмаса,
кірістірілген жарқыл пайдаланылғанда немесе қосымша жарқыл бөлігі
жалғанғанда. Егер нысан өте ашық немесе өте күңгірт болса,
экспозиция дисплейде дəл көрсетілмеуі мүмкін жəне экспозиция
индикаторы жыпылықтайды.
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
Теріс мəндер оң жақта, ал оң мəндер сол жақта көрсетілетін етіп
экспозиция индикаторларын ауыстыру туралы ақпаратты A > f5
(Reverse indicators (Индикаторларды ауыстыру), 0 267)
қолданушы параметрінен қараңыз.