Қолданушы нұсқаулығы

79
Ұзақ экспозициялар (тек M режимі)
Қозғалыстағы жарық көздерінің,
жұлдыздардың, түнгі көріністің немесе
отшашулардың ұзақ экспозициялары
үшін мына ысырма жылдамдықтарын
таңдаңыз.
Қолмен басылу режимі (A):
ысырманы босату түймешігі төмен
басылып тұрған кезде ысырма ашық
болады. Бұлдыратуды болдырмау үшін
штатив немесе қосымша сымсыз
қашықтан басқару бөлігін (0 287)
немесе қашықтан басқару сымын (0 287) пайдаланыңыз.
Уақыт (%): экспозицияны фотока
мерадағы ысырман
ы босату
түймешігін немесе қосымша қашықтан басқару пультін,
қашықтан басқару сымын немесе сымсыз қашықтан басқару
бөлігін пайдаланып бастаңыз. Ысырма түймешік екінші рет
басылғанша ашық күйде болады.
Жалғастырмай тұрып фотокамераны штативке бекітіңіз немесе
оны тұрақты, тегіс бетке қойыңыз. Көріністапқыштан кіретін
жарықтың фотосуретте көрінуіне немесе экспозицияға кедергі
жасауына жол бермеу үшін резеңке көзүст
і қа
лқанын алып,
көріністапқышты жинақтағы окуляр қақпағымен жауып қойыңыз
(0 90). Ысырма ашық кезде қуатты жоғалтуды болдырмау үшін
Nikon толығымен зарядталған батареяны немесе қосымша
айнымалы ток адаптерін жəне қуат жалғағышын пайдалануды
ұсынады. Ұзақ экспозицияларда бұрмалану (жарық нүктелер,
кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер немесе түстердің
əркелкілігі) болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Жарық нүктелерді
жəне түстердің əркелкі
лігін фотосурет түсіру мəзіріндегі Long
exposure NR (Ұзақ экспозиция БА) параметрі үшін On
(Қосулы) күйін таңдау арқылы азайтуға болады (0 255).
Ысырма жылдамдығы:
A (35 секундтық
экспозиция)
Апертура: f/25