Қолданушы нұсқаулығы

86
Суретке түсіру режимі
Суретке түсіру режимін таңдау үшін
суретке түсіру режимі дискісінің құлпын
босату түймешігін басып, суретке түсіру
режимінің дискін қажетті параметрге
бұраңыз.
Суретке түсіру режимін таңдау
Режим Сипаттама
S
Əр кадр бойынша: ысырманы босату түймешігі басылған
сайын фотокамера бір фотосурет түсіреді.
CL
Үздіксіз төмен жылдамдық: ысырманы босату түймешігі
басылып тұрғанда фотокамера секундына 1-7 кадр жазады.
*
Кадр жылдамдығын d1 (CL mode shooting speed (CL
режиміндегі суретке түсіру жылдамдығы), 0 263)
қолданушы параметрін пайдаланып таңдауға болады.
CH
Үздіксіз жоғары жылдамдық: ысырманы босату түймешігін
басып тұрғанда фотокамера секундына 8 кадрға дейін жазады.
*
Белсенді нысандар үшін пайдаланыңыз.
Q
Ысырманы тыныш босату: əр кадр бойынша режимі сияқты,
бірақ ысырманы босату түймешігі толығымен басылғанда айна
орнына сырт етіп қайтып түспейді, бұл пайдаланушыға айна
шығаратын дыбыстың уақытын басқаруға мүмкіндік береді,
сондай-ақ, ол əр кадр бойынша режимінен тыныштау болады.
Бұған қоса, баптау мəзірінде Beep options (Дыбыстық
сигнал параметрлері) үшін таңдалған параметрге
қарамастан дыбыстық си
гнал шықпайды (0 271).
QC
QC (тыныш үздіксіз) ысырманы босату: ысырманы босату
түймешігін басып тұрғанда фотокамера секундына 3 кадрға
дейін жазады.
*
Фотокамера шуы азаяды.
E
Өздігінен түсіруді реттейтін таймер: өздігінен түсіруді
реттейтін таймер көмегімен суреттер түсіріңіз (0 89).
MUP
Айнаны көтеру: осы режимді телеобъективпен немесе
жақыннан фотосурет түсіргенде, я болмаса фотокамераның аз
ғана қозғалысы фотосуреттердің бұлдырап шығуына əкелетін
басқа жағдайларда фотокамера дірілін барынша азайту үшін
таңдаңыз (0 91).
Меңзер