Қолданушы нұсқаулығы

87
* EN-EL15a батареясы, үздіксіз бақылағыш АФ, қол режимі немесе
ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты экспозиция,
1
/250 с
немесе тезірек ысырма жылдамдығы, қалған параметрлер (немесе C
L
жағдайында, d1 қолданушы параметрінен басқа қалған параметрлер)
əдепкі мəндерді жəне жад буферінде жад қалған кездегі орташа кадр
жылдамдығы. Көрсетілген жылдамдықтар кейбір жағдайларда
қолжетімді болмауы мүмкін. Кадр жылдамдықтары жоғары ISO
сезімталдықтарда (Hi 0,3–Hi 5) немесе өте кішкентай апертураларда
(жоғары f сандары) немесе баяу ысырма жылдамдықтарында, дірілді
азайту (ДА объективтерінде қолжетімді) немесе ISO сезімталдықты
автоматты түрде басқару (0 120) қосулы кезде, белг
ілі бір
объект
ивтер пайдаланылғанда, я болмаса, батарея заряды төмен
болса немесе фотосурет түсіру мəзірінде жыпылықтау қосулы кезде
жыпылықтау анықталса (0 255), төмендеуі мүмкін. Жарқыл жанса, тек
бір сурет түсіріледі.
A Жад буфері
Фотокамера жад картасына сақталып жатқан кезде фотосуреттерді
түсіруді жалғастыра беруге мүмкіндік беретін уақытша сақтауға
арналған жад буферімен жабдықталған. Кадр жылдамдығы буфер
толғанда төмендейді (tAA).
Ағымдағы параметрлерде буферде сақтауға болатын кескіндердің
жуық саны ысырманы босату түймешігі басылып тұрған кезде кадрлар
есептегіштерінде көрсетіледі.
Фотосуреттер жад картасына жазылып жатқан кезде жад картасына
қат
ына
су шамы жанады. Суретке түсіру жағдайлары мен жад
картасының өнімділігіне байланысты жазу бірнеше секундтан бірнеше
минутқа дейін созылуы мүмкін. Қатынасу шамы өшкенше жад
картасын шығармаңыз, я болмаса қуат көзін суырмаңыз немесе
ажыратпаңыз. Егер фотокамера буферде деректер қалған кезде
өшірілсе, қуат буфердегі барлық кескіндер жазылғанша өшпейді. Егер
батарея қуаты буферде кескіндер қалған ке
зде таусылса, ысыр
маны
босату мүмкіндігі ажыратылады жəне кескіндер жад картасына
тасымалданады.