Қолданушы нұсқаулығы
89
Өздігінен түсіруді реттейтін таймерді фотокамера дірілін азайту
немесе өздігінен түсірілетін портреттер үшін пайдалануға
болады.
1 Өздігінен түсіруді
реттейтін таймер
режимін таңдаңыз.
Суретке түсіру режимін
таңдау дискісінің құлпын
босату түймешігін басып,
суретке түсіру режимінің
дискін E күйіне бұраңыз.
2 Фотосуретті жақтауға алып, фокустаңыз.
Фотокамера əр кадр бойынша бақылағыш АФ
пайдаланып фокустай алмаса немесе ысырманы
босату мүмкін емес басқа жағдайларда өздігінен
түсіруді реттейтін таймерді пайдалану мүмкін
емес.
3 Таймерді іске қосыңыз.
Таймерді іске қосу үшін
ысырманы босату
түймешігін соңына дейін
басыңыз. Өздігінен түсіруді
реттейтін таймердің шамы жыпылықтай бастайды.
Фотосуреттің түсірілуіне екі секунд қалғанда өздігінен
түсіруді реттейтін таймердің шамы жыпылықтауын
тоқтатады. Ысырма таймер іске қосылғаннан шамамен он
секундтан кейін босатылады.
Өздігінен түсіруді реттейтін таймерді фотосурет түсірілмес
бұрын өшіру үшін суретке түсіру режимінің диск
ін басқа
параметрге бұраңыз.
Өздігінен түсіруді реттейтін таймер
режимі (E)
Суретке түсіру режимінің дискі










