Қолданушы нұсқаулығы
90
A Көріністапқышты жабыңыз
Фотосуреттерді көзіңізді көріністапқышқа тақамай түсірген кезде
резеңке көзүсті қалқанын алып тастаңыз (q) жəне жинақтағы окуляр
қақпағын көрсетілгендей салыңыз (w). Бұл көріністапқыш арқылы
кіретін жарықтың фотосуреттерде көрінуіне немесе экспозицияға
кедергі келтіруіне жол бермейді. Резеңке көзүсті қалқанды алған кезде
фотокамераны қатты ұстап тұрыңыз.
Резеңке көзүсті қалқан Окуляр қақпағы
D Кірістірілген жарқылды пайдалану
Жарқылды қолмен көтеруді қажет ететін режимдерде жарқылмен
фотосурет түсірмей тұрып M (Y) түймешігін басып жарқылды көтеріңіз
жəне жарқылдың дайындығын білдіретін индикатордың (M) көрсетілуін
күтіңіз (0 161). Өздігінен түсіруді реттейтін таймер іске қосылғаннан
кейін жарқыл көтерілсе, суретке түсіру үзіледі. c3 (Self-timer (Өздігінен
түсіруді реттейтін таймер); 0 263) қолданушы параметрі үшін
таңдалған экспозициялар саны
на қарамаст
ан жарқыл жанғанда тек бір
фотосурет түсірілетінін ескеріңіз.
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
Мыналар туралы ақпарат алу үшін:
• Өздігінен түсіруді реттейтін таймер ұзақтығын таңдау, түсірілген
түсірілімдер саны жəне түсірілімдер арасындағы аралық, A > с3 (Self-
timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер); 0 263) қолданушы
параметрін қараңыз.
• Өздігінен түсіруді реттейтін таймер пайдаланылғанда шығатын
дыбыстық сигнал, B > Beep options (Дыбыстық сигнал
параметрлері) (0 271) тармағын қараңыз.










