Қолданушы нұсқаулығы
91
Айна көтерілген кезде фотокамераның қозғалуы тудырған
бұлдыратуды барынша азайту үшін осы режимді таңдаңыз.
Айнаны көтеру режимін пайдалану үшін суретке түсіру режимі
дискісінің құлыпты босату түймешігін басып, суретке түсіру
режимінің дискін M
UP (айнаны көтеру) күйіне бұраңыз.
Фокусты жəне экспозицияны орнату
үшін ысырманы босату түймешігін
жартылай басқаннан кейін айнаны
көтеру үшін ысырманы босату
түймешігін соңына дейін басыңыз.
Басқару панелінде 4 көрсетіледі; сурет түсіру үшін ысырманы
босату түймешігін қайтадан соңына дейін басыңыз (тікелей
көріністе айнаны көтеру керек емес; сурет ысырманы босату
түймешігін бірінші рет соңына дейін басқан
да түсіріледі). Баптау
мəзірінде Beep options (Дыбыстық сигнал параметрлері) >
Beep on/off (Дыбыстық сигналды қосу/өшіру) үшін Off
(Өшірулі) күйі таңдалмаса, дыбыстық сигнал шығады (0 271).
Айна суретке түсіру аяқталғанда төмен түседі.
Айнаны көтеру режимі (MUP)
Суретке түсіру режимі дискісінің құлпын босату
Суретке түсіру режимінің дискі
D Айнаны көтеру
Айна көтеріліп тұрған кезде фотосуреттерді көріністапқышта жəне
автофокуста жақтауға алу мүмкін емес, сондай-ақ, өлшеу
орындалмайды.










