Қолданушы нұсқаулығы
96
❚❚ Фотокамераны басқару элементтері
1 Кескін аумағын таңдауды фотокамераның басқару
элементіне тағайындаңыз.
Choose image area (Кескін аумағын таңдау) пəрменін
басқару тетігіне тағайындау үшін f1 (Custom control
assignment (Қолданушы басқару тетігін тағайындау),
0 266) қолданушы параметрін пайдаланыңыз.
2 Таңдалған басқару элементін пайдаланып кескін
аумағын таңдаңыз.
Кескін аумағын таңдалған басқару тетігін басып, қажетті
кесінді көріністапқышта көрсетілгенше басты немесе
қосымша басқару дискін бұрау арқылы таңдауға болады
(0 94).
Кескін аумағы үшін қазіргі уақытта
таңдалып тұрған параметрді басқару
тетігін басып, кескін аумағын басқару
панелінде немесе ақпараттық
дисплейде көрсету арқылы көруге
болады. DX пішімі «24 - 16» жəне 1,3× пішімі «18 - 12»
ретінде көрсетіледі.










