Қолданушы нұсқаулығы
98
Кескін сапасын X (T) түймешігін басу жəне қажетті параметр
ақпараттық дисплейде көрсетілгенше басты басқару дискін
бұрау арқылы орнатуға болады.
X (T)
түймешігі
Басты басқару
дискі
A JPEG сығымдалуы
Жұлдызша («★») бар кескін сапасы параметрлерінде максималды
сапаны қамтамасыз етуге арналған сығымдалу пайдаланылады;
файлдардың өлшемі көрініске қарай өзгеріп отырады. Жұлдызшасыз
параметрлерде кішірек файлдарды жасауға арналған сығымдалу түрі
пайдаланылады; жазылатын көрініске қарамастан барлық
файлдардың өлшемі бірдей дерлік болады.
A NEF (RAW) пішіміндегі кескіндер
NEF (RAW) параметрін таңдау кескін өлшемін Large (Үлкен) мəнінде
бекітеді. NEF (RAW) пішіміндегі кескіндердің JPEG пішіміндегі
көшірмелерін Capture NX-D немесе басқа бағдарламалық
жасақтаманы пайдаланып, я болмаса, өңдеу мəзіріндегі NEF (RAW)
processing (NEF (RAW) өңдеу) параметрін пайдаланып жасауға
болады (0 275).
A NEF+JPEG
NEF (RAW) + JPEG пішімінде түсірілген фотосуреттерді фотокамерада
көргенде тек JPEG пішіміндегі кескін көрсетіледі. Бұл параметрлерде
түсірілген фотосуреттерді жойғанда NEF пішіміндегі де, JPEG
пішіміндегі де кескіндер жойылады.
A Фотосурет түсіру мəзірі
Кескін сапасын фотосурет түсіру мəзіріндегі Image quality (Кескін
сапасы) параметрін пайдалану арқылы да реттеуге болады (0 253).










