Қолданушы нұсқаулығы
100
Фокустау
Фокустауды автоматты түрде (0 100) немесе қолмен реттеуге
болады (0 115). Сондай-ақ қолданушы автоматты немесе
қолмен реттелетін фокустың фокустау нүктесін таңдай (0 107)
немесе фокустау жəне фокустағаннан кейін фотосуреттерді
қайта жиектеу үшін фокустау құлпын пайдалана алады (0 111).
Автофокусты пайдалану үшін
фокус режимінің
ауыстырғышын AF күйіне
бұраңыз.
Автофокус режимі
Көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру кезінде төмендегі
автофокус режимдерін таңдауға болады:
Автофокус
Режим Сипаттама
AF-A
Бақылағыш АФ режимін автоматты түрде таңдау:
фотокамера нысан қозғалмаса əр кадр бойынша бақылағыш
автофокустауды, нысан қозғалыста болса үздіксіз бақылағыш
автофокусты автоматты түрде таңдайды.
AF-S
Əр кадр бойынша бақылағыш АФ: қозғалмайтын нысандар
үшін. Фокус ысырманы босату түймешігі жартылай басылған
кезде құлыпталады. Əдепкі параметрлерде ысырманы
фокустау күйінің индикаторы (I) көрсетілгенде ғана босатуға
болады (фокус басымды
ғы; 0 260).
AF-C
Үздіксіз бақылағыш АФ: қозғалатын нысандарға арналған.
Ысырманы босату түймешігі жартылай басылып тұрғанда
фотокамера үздіксіз фокусталады; егер нысан қозғалса,
фотокамера нысанға дейінгі түпкілікті қашықтықты болжап
жəне фокусты қажетінше реттеу үшін болжалды бақылағыш
фокустау (0 102) мүмкіндігін қосады. Əдепкі параметрлерде
ысырманы нысан фокуста болса да, болмаса да босатуға
болады (бос
ату басымдығы; 0 260).
Фокус режимінің ауыстырғышы










