Қолданушы нұсқаулығы
101
Тікелей көрініс кезінде төмендегі автофокус режимдерін
таңдауға болады:
Автофокус режимін АФ режимі
түймешігін басу жəне қажет
параметр көрсетілгенше басты
басқару дискін бұрау арқылы
таңдауға болады.
Режим Сипаттама
AF-S
Əр кадр бойынша бақылағыш АФ: қозғалмайтын нысандар
үшін. Фокус ысырманы босату түймешігі жартылай басылған
кезде құлыпталады. Сондай-ақ мониторда нысанды түрту
арқылы фокустауға болады, бұл жағдайда фокус фотосурет
түсіру үшін дисплейден саусақты көтергенше құлыпталады.
AF-F
Тұрақты бақылағыш АФ: қозғалатын нысандарға арналған.
Ысырманы босату түймешігі басылғанша фотокамера үздіксіз
фокустайды. Фокус ысырманы босату түймешігі жарт
ылай
басылған кезде құлыпталады. Сондай-ақ мониторда нысанды
түрту арқылы фокустауға болады, бұл жағдайда фокус
фотосурет түсіру үшін дисплейден саусақты көтергенше
құлыпталады.
Басқару панелі
Көріністапқыш Монитор
АФ режимінің
түймешігі
Басты басқару
дискі










