Қолданушы нұсқаулығы
103
АФ аумағының режимі
АФ аумағының режимі фотокамера автофокус үшін фокустау
нүктесін қалай таңдайтынын басқарады. Көріністапқыш арқылы
фотосурет түсіру кезінде келесі параметрлер қолжетімді:
• Жалғыз нүктелі АФ: фокустау нүстесін таңдаңыз;
фотокамера тек таңдалған фокустау нүктесіндегі нысанға ғана
фокусталады. Қозғалмайтын нысандар үшін пайдаланыңыз.
• Динамикалық аумақ АФ: фокустау нүктесін таңдаңыз. AF-A
жəне AF-C фокустау режимдерінде нысан таңдалған нүк
теден
қысқа
уақытқа кетсе, фотокамера айналадағы фокустау
нүктелерінен алынған ақпарат негізінде фокусталады.
Фокустау нүктелерінің саны таңдалған режимге байланысты
өзгеріп отырады:
- 9 нүктелі динамикалық аумақ АФ: фотосуретті жиектеуге
уақыт болғанда немесе қозғалысын болжауға болатын
нысандарды (мысалы, жүгірушілер немесе трассадағы
жарысушы көліктер) фотосуретке түсірген кезде таңдаңыз.
- 21 нүктелі динамикалық аумақ АФ: қозғалысын болжау
мүм
кін
емес нысандарды (мысалы, футбол ойынындағы
ойыншылар) суретке түсірген кезде таңдаңыз.
- 51 нүктелі динамикалық аумақ АФ: жылдам қозғалатын
жəне көріністапқышта жақтауға алу қиын нысандарды
(мысалы, құстар) фотосуретке түсірген кезде таңдаңыз.










