Қолданушы нұсқаулығы

104
•3D бақылау: фокустау нүктесін таңдаңыз. AF-A жəне AF-C
фокустау режимдерінде фотокамера таңдалған фокустау
нүктесінен кеткен нысандарды бақылайды жəне қажет
болғанда жаңа фокустау нүктелерін таңдайды. Бір жақтан
екінші жаққа жүйесіз қозғалатын нысандары (мысалы,
теннисшілер) бар суреттерді жылдам жиектеу үшін
пайдаланыңыз. Нысан көріністапқыштан шығып кетсе,
ысырманы босату түймешігінен саусағыңызды алыңыз да,
нысанды таңдалған фокустау нү
ктесінд
е орналастырып,
фотосуретті қайта жиектеңіз.
АФ аумағын топтық негізде таңдау: фотокамера қолданушы
таңдалған фокустау нүктелерінің тобын пайдаланып
фокустайды. Бұл фотокамераның негізгі нысанның орнына
фонға фокусталуы қаупін азайтады. Жалғыз фокустау нүктесін
пайдаланып фотосуретке түсіру қиын нысандар үшін
таңдаңыз. Əр кадр бойынша бақылағыш АФ (AF-S режимінде
беттер анықталса немесе AF-A) ішінде əр кадр бо
йынша
бақы
лағыш АФ таңдалса, фотокамера портреттік нысандарға
басымдық береді.
АФ аумағын автоматты түрде
таңдау: фотокамера нысанды
автоматты түрде анықтайды жəне
фокустау нүктесін таңдайды
(портреттік нысандар жағдайында
фотокамера нысанды жақсырақ
анықтау үшін нысанды фоннан
ажырата алады). Фотокамера
фокусталғаннан кейін белсенді фокустау нүктелері қысқа
уақытқа белгіленеді; AF-C жəне AF-A режимдерінде бас
қа
фокустау нүктелері
өшкеннен кейін негізгі фокустау нүктесі
белгіленген күйде қалады.