Қолданушы нұсқаулығы

107
& Нысанды бақылағыш АФ: мульти
селекторды пайдаланып фокустау
нүктесін нысан үстінде орналастырып,
бақылауды бастау үшін J түймешігін
басыңыз. Фокустау нүктесі таңдалған
нысанды кадр арқылы қозғалған
кезінде бақылайды. Бақылауды аяқтау
үшін J түймешігін қайтадан басыңыз.
Я болмаса, нысанды мониторда түрту арқылы бақылауды
бастауға болады; бақылауды аяқтау жəне фотосурет түсіру
үшін саусақты экраннан көтер
іңі
з. Бақылау əлдеқашан
орындалып жатса, монитордың кез келген жерін түрту
фотокамераның ағымдағы нысанда фокусталуына əкеледі
жəне саусақты экраннан көтергенде фотосурет түсіріледі.
Егер нысандар жылдам қозғалса, жақтаудан шығып кетсе
немесе басқа нысандармен жабылып қалса, өлшем, түс
немесе жарықтық өзгерістері көрінсе немесе тым кішкентай,
тым үлкен, тым жарық, тым күңгірт немесе артқы фон
мен түсі
немесе жарықтығы ұқсас
болса, фотокамера оларды бақылай
алмауы мүмкін екенін ескеріңіз.
A Фокустау нүктесін қолмен таңдау
Фокустау нүктесін таңдау үшін
мульти селекторды пайдалануға
болады. Фокустау
ауыстырғышының құлпын L
күйіне бұрау фокустау нүктесін
қолмен таңдауды өшіреді.
Фокустау ауыстырғышының құлпы