Қолданушы нұсқаулығы

110
D Автофокусты тікелей көріністе пайдалану
AF-S немесе AF-P объективін пайдаланыңыз. Басқа объективтермен немесе
телескопиялық түрлендіргіштермен қажет нəтижелерге қол жеткізілмеуі мүмкін.
Тікелей көріністе автофокус баяуырақ екенін жəне монитор фотокамера
фокусталып жатқанда жарықтануы немесе күңгірттенуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Фотокамера фокустай алмаған кезде фокустау нүктесі кейде жасыл түспен
көрсетілуі мүмкін. Фотокамера мына жағдайларда фокустай алмауы мүмкін:
Нысанның жақтаудың ұзын жиегіне параллель орналасқан сызықтары бар
Нысанның контрасты жеткіліксіз
Фокустау нүктесіндегі нысанның қатты контрасты бар жарықтық
аумақтары бар немесе прожектор жарығы, неон белгісі немесе
жарықтығы өзгеріп тұратын өзге жарық көзі бар
Флюоресцентті, сынапты, натрийлі немесе соларға ұқсас жарық
астында жыпылықтау немесе жолақтану пайда болады
Айқас (жұлдызша) түріндегі сүзгі немесе басқа арнайы сүзгі пайдаланылған
Нысан фокустау нүктесінен кішілеу көрінеді
Нысанда тұрақты геометриялық пішіндер (мысалы, перделер немесе
көпқабатты үй терезелерінің қатары) басым
Нысан қозғалыста
A Фокустау нүктесін таңдау
Нысанды бақылағыш АФ режимін қоспағанда, фокустау нүктесін таңдау
кезінде
J
түймешігін бассаңыз, орталық фокустау нүктесі таңдалады.
Нысанды бақылағыш АФ режимінде
J
түймешігін бассаңыз, оның
орнына нысанды бақылау басталады. АФ аумағын автоматты түрде
таңдауда фокустау нүктесін қолмен таңдау қолжетімді емес.
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
Көріністапқыш арқылы фотосурет түсіруКелесі туралы ақпарат
алу үшін:
Мульти селекторды пайдаланып таңдауға болатын фокустау
нүктелерінің санын таңдау, A > a4 (Number of focus points
(Фокустау нүктелерінің саны), 0 260) қолданушы параметрін
қараңыз.
Тік жəне көлденең бағдарлар үшін бөлек фокустау нүктелерін таңдау,
A > a5 (Store points by orientation (Нүктелерді бағдары бойынша
сақтау), 0 261) қолданушы параметрі бөлімін қараңыз.
Ф
окустау нүк
тесін таңдауды «орап алуға» орнату, A > a7 (Focus point
wrap-around (Фокустау нүктесін орап алу), 0 261) қолданушы
параметрін қараңыз.
Көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру/тікелей көрініс: АФ
аумағының режимін таңдау үшін басты басқару дискін пайдалану
туралы ақпаратты A > f3 (Customize command dials (Басқару
дискілерін теңшеу)) қолданушы параметрі > Change main/sub
(Басты/қосымша басқару дискілерін өзгерту) (0 266) тармағында
қараңыз.