Қолданушы нұсқаулығы

111
Фокустау құлпы
Фокустау құлпын фокустағаннан кейін кадр жиектемесін өзгерту
үшін пайдалануға болады, бұл түпкілікті кадр жиектемесінде
фокустау нүктесінде болмайтын нысанға фокусталу мүмкіндігін
береді. Фотокамера автофокусты (0 114) пайдаланып
фокустай алмаса, фокустау құлпын қашықтығы бастапқы
нысанмен бірдей басқа нысанды фокустағаннан кейін
фотосуретті қайта жиектеу үшін де пайдалануға болады. АФ
аумағының режимі үшін (0 103) АФ аумағын автоматты түрде
таңдау режимінен
басқа параметр таңдалған кезде фокустау
құлпы ең тиімді болады.
1 Фокустаңыз.
Нысанды таңдалған фокустау нүктесіне
орналастырып, фокусты іске қосу үшін ысырманы
босату түймешігін жартылай басыңыз. Фокустау
күйінің индикаторы (I) көріністапқышта көрінгенін
(көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру) немесе фокустау
нүктесі жасыл түспен жанғанын (тікелей көрініс) тексеріңіз.
Көріністапқышпен
фотосурет түсіру
Тікелей көрініс