Қолданушы нұсқаулығы
114
A Автофокус арқылы жақсы нəтижелер алу
Автофокус төменде көрсетілген жағдайларда жақсы нəтиже
көрсетпейді. Фотокамера бұл жағдайларда фокустай алмаса,
ысырманы босату мүмкіндігі ажыратылуы мүмкін немесе фокустау
күйінің индикаторы (I) көрсетіліп, фотокамера дыбыстық сигнал
шығаруы мүмкін, бұл нысан фокуста болмаған кездің өзінде де
ысырманы босатуға мүмкіндік береді. Осындай жағдайларда қолмен
фокустаңыз (0 115) немесе қашықтығы бірдей басқа ны
санға фокустау
үш
ін фокустау құлпын (0 111) пайдаланып, фотосуретті қайта
жиектеңіз.
Нысан мен артқы фон арасындағы контраст
төмен немесе тіпті жоқ.
Мысал: нысанның түсі артқы фон түсімен бірдей.
Фокустау нүктесі фотокамерадан əр түрлі
қашықтықтарда орналасқан нысандарды
қамтиды.
Мысал: нысан тор ішінде.
Нысанда қалыпты геометриялық пішіндер
басым.
Мысал: жалюзи немесе көпқабатты үйдегі
терезелер қатары.
Фокустау нүктесі анық контрасты бар жарық
аумақтарды қамтиды.
Мысал: нысан жартылай көлеңке астында.
Артқы фондағы нəрселер нысаннан үлкендеу
көрінеді.
Мысал: кадрға нысанның артындағы ғимарат кіріп
тұр.
Нысан көптеген кішігірім элементтерден
құралған.
Мысал: гүлге толы алаң я болмаса кішкентай
немесе жарықтығы бірдей басқа нысандар.










