Қолданушы нұсқаулығы
116
❚❚ Электрондық қашықтықты өлшегіш
(көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру)
Көріністапқыш фокусының индикаторын
таңдалған фокустау нүктесіндегі
нысанның фокуста екендігін растау үшін
пайдалануға болады (фокустау нүктесін
51 фокустау нүктесінің кез келгенінен
таңдауға болады). Нысанды таңдалған
фокустау нүктесіне орналастырғаннан
кейін ысырманы босату түймешігін жартылай басып,
объективтің фокустау сақинасын фокустау күйінің индикаторы
(I) көрсетілгенше бұраңыз. «Автофокус арқылы жақсы
нəтижелерді алу» бөлімінде (0 114) тізілген нысандарда
фокустау күйін
ің индикаторы кейде нысан фокуста болмаған
кезде көрінуі мүмкін екенін ескеріңіз; суретке түсіруден бұрын
көріністапқышта фокусты тексеріңіз. Қосымша AF-S/AF-I
телескопиялық түрлендіргіштері бар электрондық қашықтықты
өлшегішті пайдалану туралы ақпаратты «AF-S/AF-I
телескопиялық түрлендіргіштері» (0 281) бөлімінен қараңыз.
A AF-P объективтері
Қолмен реттелетін фокус режимінде AF-P объективі (0 279)
пайдаланылғанда көріністапқышта фокустау күйінің индикаторы
жыпылықтап (немесе тікелей көріністе, мониторда фокустау нүктесі
жыпылықтап), фокустау сақинасын ағымдағы бағытта бұрауды
жалғастыру нысанды фокусқа əкелмейтіні туралы ескертеді.
A Фокустық жазықтық күйі
Нысан мен фотокамера арасындағы
қашықтықты анықтау үшін фотокамера
корпусындағы фокустық жазықтық
таңбасынан (E) бастап өлшеңіз.
Объективті бекіту жиектемесінің
фланеці мен фокустық жазықтық
арасындағы қашықтық — 46,5 мм.
Фокустық жазықтық
таңбасы
46,5 мм










