Қолданушы нұсқаулығы
119
A Фотосурет түсіру мəзірі
Сондай-ақ, ISO сезімталдықты фотосурет түсіру мəзірінен реттеуге
болады. Фотосуреттердің параметрлерін реттеу үшін фотосурет түсіру
мəзірінде ISO sensitivity settings (ISO сезімталдық параметрлері)
тармағын таңдаңыз (0 253).
A Тікелей көрініс
Тікелей көріністе таңдалған мəн мониторда көрсетіледі.
A ISO сезімталдық
ISO сезімталдық неғұрлым жоғарырақ болса, экспозиция жасау үшін
соғұрлым азырақ жарық керек. Бұл тезірек ысырма жылдамдықтарына
немесе кішірек апертураларға мүмкіндік береді, бірақ кескінге
бұрмаланудың (кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің
əркелкілігі немесе сызықтар) əсер ету ықтималдығы соғұрлым
жоғарырақ. Бұрмалану Hi 0.3 (Жоғары 0,3) жəне Hi 5 (Жоғары 5)
арасындағы параметрлерде болуы мүмкін.
A Hi 0.3 (Жоғары 0,3) – Hi 5 (Жоғары 5)
Hi 0.3 (Жоғары 0,3) жəне Hi 5 (Жоғары 5) арасындағы параметрлер
ISO 51200 (ISO 64000–1640000 баламасы) мəнінен 0,3–5 ЭМ жоғары
ISO сезімталдықтарға сəйкес келеді.
A Lo 0.3 (Төмен 0,3) – Lo 1 (Төмен 1)
Lo 0.3 (Төмен 0,3) жəне Lo 1 (Төмен 1) арасындағы параметрлер
ISO 100 (ISO 80–50 баламасы) мəнінен 0,3–1 ЭМ жоғары ISO
сезімталдықтарға сəйкес келеді. Жарықтандыру ашық кезде үлкенірек
апертуралар үшін пайдаланыңыз. Контраст қалыптыдан азғантай
жоғарырақ; жағдайлардың көпшілігінде ISO 100 немесе одан жоғары
ISO сезімталдықтар ұсынылады.
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
Мыналар туралы ақпарат алу үшін:
• ISO сезімталдық қадамының өлшемін таңдау, A > b1 (ISO sensitivity
step value (ISO сезімталдық қадамының мəні); 0 261) қолданушы
параметрін қараңыз.
• Жоғары ISO сезімталдықтарда түсірілген фотосуреттерде
бұрмалануды азайту, C > High ISO NR (Жоғары ISO БА) (0 255)
бөлімін қараңыз.
• Жоғары ISO сезімталдықтарда түсірілген бейнефильмдерде
бұрмалануды азайту, 1 > High ISO NR (Жоғары ISO БА) (0 259)
бөлімін қараңыз.










