Қолданушы нұсқаулығы
120
Фотосурет түсіру мəзірінде ISO sensitivity settings (ISO
сезімталдық параметрлері) > Auto ISO sensitivity control
(ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару) үшін On
(Қосулы) күйі таңдалған болса, қолданушы таңдаған мəнмен
оңтайлы экспозицияға қол жеткізу мүмкін болмағанда ISO
сезімталдық автоматты түрде реттеледі (жарқыл
пайдаланылғанда ISO сезімталдық тиісті түрде реттеледі).
1 Auto ISO sensitivity control (ISO
сезімталдықты автоматты түрде
басқару) параметрін таңдаңыз.
Фотосурет түсіру мəзірінде ISO
sensitivity settings (ISO
сезімталдық параметрлері)
параметрін таңдаңыз, Auto ISO
sensitivity control (ISO сезімталдықты автоматты түрде
басқару) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
2 On (Қосулы) күйін таңдаңыз.
On (Қосулы) күйін белгілеп, J
түймешігін басыңыз (Off (Өшірулі)
күйі таңдалған болса, ISO
сезімталдық қолданушы таңдаған
мəнде қалады).
ISO сезімталдықты автоматты басқару
(Тек P, S, A жəне M режимдері)










