Қолданушы нұсқаулығы

122
A Тікелей көрініс
Тікелей көріністе ISO сезімталдықты басқару индикаторы мониторда
көрсетіледі.
A Minimum Shutter Speed (Минималды ысырма жылдамдығы)
Ысырма жылдамдығын автоматты түрде таңдауды Auto (Автоматты)
күйін белгілеу жəне 2 түймешігін басу арқылы дəл реттеуге болады:
мысалы, əдетте автоматты түрде таңдалатын мəндерден жылдамырақ
мəндерді бұлдыратуды азайту үшін телефото объективтерде
пайдалануға болады. Дегенмен, Auto (Автоматты) күйі тек
микропроцессормен жабдықталған объективтерде жұмыс істейтінін
ескеріңіз. Maximum sensitivity (Максималды сезімталдық) үшін
таңдалған IS
O сезімт
алдық мəнінде оңтайлы экспозицияға жету мүмкін
болмаса, ысырма жылдамдықтары таңдалған ең аз мəннен төмен түсуі
мүмкін.
A ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару
Жарқыл пайдаланылғанда минималды ысырма жылдамдығы Minimum
shutter speed (Минималды ысырма жылдамдығы) үшін таңдалған
мəнге орнатылады, тек егер бұл мəн e1 (Flash sync speed
(Жарқылдың синхрондау жылдамдығы), 0 265) қолданушы
параметрінен жылдамырақ немесе e2 (Flash shutter speed
(Жарқылдың ысырма жылдамдығы), 0 265) қолданушы
параметрінен баяуырақ болмаса, мұндай жағдайда оның орнына e2
қолданушы параметрі үшін таңдалған мəн пайдаланылады. ISO
сезімталдықты а
втома
тты түрде басқару мүмкіндігі баяу
синхрондалатын жарқыл режимдерімен (кірістірілген жарқылда жəне
қосымша жарқыл бөліктерінде қолжетімді) бірге пайдаланылғанда ISO
сезімталдық автоматты түрде көтеріліп, фотокамераның баяу ысырма
жылдамдықтарын таңдауына жол бермеуі мүмкін екенін ескеріңіз.
A ISO сезімталдықты автоматты түрде басқаруды қосу жəне
өшіру
S (Q) түймешігін басу жəне қосымша басқару дискін бұрау арқылы
ISO сезімталдықты автоматты түрде басқаруды қосуға немесе өшіруге
болады. ISO AUTO ISO сезімталдығын автоматты түрде басқару
қосулы кезде көрсетіледі.