Қолданушы нұсқаулығы

123
Экспозиция
Фотокамера P, S, A жəне M режимдерінде экспозицияны қалай
орнататынын таңдаңыз (басқа режимдерде фотокамера өлшеу
əдісін автоматты түрде таңдайды).
Өлшеу (Тек P, S, A жəне M режимдері)
Параметр
Сипаттама
a
Матрицалық: жағдайлардың көпшілігінде табиғи нəтижелер
береді. Фотокамера кадрдың кең аумағын өлшейді жəне реңк
үлестіріміне, түске, кадр жиектемесіне, ал G, E немесе D
түріне жататын объективтерде (0 280) қашықтық мəліметіне
сай (III 3D түрлі-түсті матрицалық өлшем жүйесі; басқа
кірістірілген микропроцессоры бар объективтерде
фотокамера 3D қашықтық мəліметі жоқ III түрлі-түсті
матрицалық өлшем жүйесін пайдаланады) экспозицияны
орнатады.
Z
Ортасы бойынша өлшенген: фотокамера бүкіл кадрды
өлшейді, бірақ ең көп салмақты орталық аумаққа белгілейді
(көріністапқыш арқылы фотосурет түсіруге арналған
аумақтың өлшемін b5, Center-weighted area (Ортасы
бойынша өлшенген аумақ), 0 262 қолданушы параметрін
пайдаланып таңдауға болады). Портреттерге арналған
дəстүрлі өлшеу əдісі; 1× асатын экспозицияның өзгеру еселігі
(сүзгі еселігі) бар сүзгілерді пайдаланған кезде ұсынылады.
b
Нүктелі: фотокамера ағымдағы фокустау нүктесінде ортаға
келтірілген шеңберді өлшейді, осылайша ортадан тыс тұрған
нысандарды өлшеу мүмкіндігін береді (АФ аумағын
автоматты түрде таңдау қосулы болса, фотокамера орталық
фокустау нүктесін өлшейді). Көріністапқыш арқылы
фотосурет түсіру үшін шеңбердің диаметрі — 3,5 мм немесе
кадрдың шамамен 2,5%-ы. Артқы фон əлдеқайда жарығырақ
немесе күңгірттеу болса да, нысанның дұрыс
экс
позициялануын қам
тамасыз етеді.
4
Бөлектенгені бойынша өлшенген
: фотокамера белгіленген
тұстарға ең көп салмақты белгілейді. Жарық аумақтағы
кішіргірім элементтерді жоғалтуды азайту үшін пайдаланыңыз,
мысалы, сахнадағы проектормен жарықтандырылған
орындаушыларды фотосуретке түсіргенде.