Қолданушы нұсқаулығы
125
Автоэкспозиция құлпын экспозицияны өлшеу үшін ортасы
бойынша өлшеуді жəне нүктелі экспоөлшегішті (0 123)
пайдаланғаннан кейін фотосуреттерді қайта жиектеу үшін
пайдаланыңыз.
1 Экспозицияны құлыптаңыз.
Нысанды таңдалған фокустау
нүктесіне орналастырып, ысырманы
босату түймешігін жартылай
басыңыз. Ысырманы босату
түймешігі жартылай басылған жəне
нысан фокустау нүктесінде
орналастырылған күйде,
экспозицияны құлыптау үшін
A AE-L/AF-L түймешігін басыңыз
(автофокусты пайдаланып
жатсаңыз, көріністапқышта I
фокустау күйінің индикаторы
көрсетіліп тұрғанына көз жеткізіңіз).
Экспозиция құлпы қосулы кезде
AE-L индикаторы көріністапқышта
жəне мониторда көрсетіледі.
Автоэкспозиция құлпы
Ысырманы босату
түймешігі
A AE-L/AF-L түймешігі










