Қолданушы нұсқаулығы

128
±0,0-ден басқа мəндерде экспозиция
индикаторларының ортасында 0
жыпылықтайды (M режимін
қоспағанда) жəне E түймешігін
босатқаннан кейін басқару панелінде
жəне көріністапқышта E белгішесі
көрсетіледі. Экспозиция түзетілімінің
ағымдағы мəнін экспозиция индикаторында E түймешігін басып
растауға болады.
Қалыпты экспозицияны экспозиция түзетілімін ±0 мəніне орнату
арқылы қалпына келтіруге болады. SCENE жəне EFFECTS
режимдерін қоспағанда фотокамераны өшіргенде экспозиция
түзетілімі қа
лпына келтірілмейді (SCENE жəне EFFECTS
режимдерінде басқа режим таңдалғанда немесе фотокамера
өшірілгенде экспозиция түзетілімі қалпына келтіріледі).
A M режимі
M режимінде экспозиция түзетілімі тек экспозиция индикаторына ғана
əсер етеді; ысырма жылдамдығы мен апертура өзгермейді.
A Жарқылмен фотосурет түсіру
Жарқыл пайдаланылғанда экспозиция түзетілімі жарқыл деңгейіне де,
экспозицияға да əсер етіп, негізгі нысанның да, фонның да жарықтығын
өзгертеді. e3 (Exposure comp. for flash (Жарқылға арналған
экспозиция түзетілімі), 0 265) қолданушы параметрін экспозиция
түзетілімінің əсерлерін тек фонмен шектеу үшін пайдалануға болады.