Қолданушы нұсқаулығы

134
K (Choose color temp. (Түс температурасын таңдау))
параметрінен басқа параметрлерде ақ түс балансын жарық
көзінің түсіндегі өзгерістерді түзету немесе кескінге түс реңкін
əдейі енгізу үшін «дəл реттеуге» болады.
❚❚ Ақ түс балансы мəзірі
Фотосурет түсіру мəзірінен ақ түс балансын дəл реттеу үшін
White balance (Ақ түс балансы) параметрін таңдап, төмендегі
қадамдарды орындаңыз.
1 Дəл реттеу параметрлерін
көрсетіңіз.
Ақ түс балансы параметрін белгілеңіз
жəне 2 түймешігін басыңыз (егер
қосымша мəзір көрсетілсе, қажетті
параметрді таңдаңыз жəне дəл
реттеу параметрлерін көрсету үшін 2
түймешігін қайтадан басыңыз; ақ түс балансының қолмен
алдын-ала енгізілген мəнін дəл реттеу туралы ақпаратты «Ақ
түс балансының қолмен алдын-ала енгізілген мəнін дəл
реттеу» бөл
імінен қараңыз, 0 147).
2 Ақ түс балансын дəл реттеңіз.
Ақ түс балансын дəл реттеу үшін
мульти селекторды пайдаланыңыз.
Ақ түс балансын сары (A)–көк (B)
білігінде 0,5 қадамдарымен жəне
жасыл (G)–қою қызыл (M) білігінде
0,25 қадамдарымен дəл реттеуге
болады. Көлденең (сары-көк) білік түс
температурасына сəйкес келеді, ал
тік (жасыл-қою қызыл) білікте сəйкес
түс түзетілімі (CC) сүзгілеріне ұқсас
əсерлер бар. Кө
лденең білік шамамен 5 майредке тең
қадамдармен, тік білік шамамен 0,05 диффузиялық
тығыздық бірліктерінің қадамдарымен белгіленген.
Ақ түс балансын дəл реттеу
Координаттар
Реттеу