Қолданушы нұсқаулығы
136
A Ақ түс балансын дəл реттеу
Ақ түс балансы дəл реттелген болса, ақ түс балансы параметрінің
жанында жұлдызша («E») көрсетіледі. Дəл реттеу біліктеріндегі түстер
абсолютті емес, салыстырмалы екенін ескеріңіз. Мысалы, ақ түс
балансы үшін J (қызу бөлетін шам) сияқты «жылы» параметр
таңдалған кезде меңзерді B (көк) түске жылжыту фотосуреттерді сəл
ғана «суықтау» етеді, бі
рақ шын мəнінде о
ларды көк етпейді.
A «Майред»
Түс температурасына енгізілген кез келген өзгеріс жоғарырақ түс
температураларына қарағанда төмен түс температураларында көбірек
айырмашылықтың пайда болуына себеп болады. Мысалы, 1000 K
өзгерісі түсте 6000 K мəнімен салыстырғанда 3000 K мəнінде
əлдеқайда үлкенірек өзгеріске əкеледі. Түс температурасының
инверсиясын 10
6
көбейту арқылы есептелетін майред — осындай
құбылуды есепке алатын түс температурасының өлшемі, осылайша түс
температурасының түзетілімі сүзгілерінде пайдаланылатын бірлік
болып табылады. Мыс.:
• 4000 K–3000 K (айырмашылық: 1000 K) = 83 майред
• 7000 K–6000 K (айырмашылық: 1000 K) = 24 майред
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
Ағымдағы мəнді «жақтауға алу» үшін ақ түс балансын өзгерту туралы
ақпаратты «Брекетинг» (0 215) бөлімінен қараңыз.










