Қолданушы нұсқаулығы

139
Алдын-ала қолмен енгізілген мəн аралас жарық жағдайында
сурет түсіруге арналған ақ түс балансы параметрлерін жазу
жəне қайта пайдалану немесе қатты түс реңкі бар жарық
көздерін түзету үшін пайдаланылады. Фотокамера d-1 мен d-6
арасындағы алдын-ала енгізілген мəндер түрінде ақ түс
балансының алдын-ала қолмен енгізілген мəні үшін алтыға
дейін мəнді сақтай алады. Ақ түс балансының
алдын-ала
қолмен енгізілген мəнін орнатудың екі əдісі бар:
Көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру
1 Эталондық нысанға жарық түсіріңіз.
Ақырғы фотосуретте пайдаланылатын жарық астына
бейтарап сұр немесе ақ түсті нысанды қойыңыз. Студия
параметрлерінде анықтамалық нысан ретінде стандартты
сұр тақтаны пайдалануға болады. Ақ түс балансын өлшеген
кезде экспозиция 1 ЭМ-ге автоматты түрде артатынын
ескеріңіз; M режимінде экспозиция индикаторы ±0 мəнін
көрсетуі үшін экспозицияны реттеңіз (0 77).
Preset Manual (Алдын-ала қолмен
енгізілген мəн)
Əдіс Сипаттама
Тікелей өлшеу
Бейтарап сұр немесе ақ түсті нысан түпкілікті
фотосуретте пайдаланылатын жарық астына
қойылады жəне ақ түс балансын фотокамера
өлшейді. Тікелей көрініс кезінде ақ түс балансын
кадрдың таңдалған аумағында өлшеуге болады
(нүктелі ақ түс балансы, 0 143).
Бар фотосуреттен
көшіру
Ақ түс балансы жад картасындағы фотосуреттен
көшіріледі (0 146).