Қолданушы нұсқаулығы

141
4 Тікелей өлшеу режимін таңдаңыз.
L (U) түймешігін қысқа уақытқа
босатып, содан кейін бұл түймешікті
басқару панелінде жəне
көріністапқышта D жыпылықтай
бастағанша басыңыз.
5 Ақ түс балансын өлшеңіз.
Индикаторлар жыпылықтауын
тоқтатуынан бірнеше секунд бұрын
анықтамалық нысанды
көріністапқышқа толық кіретіндей
етіп жақтауға алып, ысырманы босату түймешігін соңына
дейін басыңыз. Фотокамера ақ түс балансының мəнін өлшеп,
оны 3-қадамда таңдалған алдын-ала енгізілген мəнде
сақтайды. Ешбір фотосурет жазылмайды; ақ түс балансын
фотокамера фокуста болмаған кезде де дəл өлшеуге
болады.
A Қорғалған алдын-ала енгізілген мəндер
Ағымдағы алдын-ала енгізілген мəн қорғалған болса (0 147), жаңа
мəнді өлшеуге əрекеттенгенде басқару панелінде жəне
көріністапқышта 3 жыпылықтайды.