Қолданушы нұсқаулығы

xv
ЕСКЕРТУ (Батареялар)
Батареяларды балалар жетпейтін жерде сақтаңыз.
Бала батареяны жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Батареяларды суға батырмаңыз немесе оларға жаңбыр əсерін
тигізбеңіз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына əкелуі мүмкін.
Ылғалданса, өнімді сүлгімен немесе ұқсас затпен дереу құрғатыңыз.
Батареяларда өңсіздену немесе пішін өзгеруі сияқты кез келген
өзгерістерді байқасаңыз, пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Көрсетілген
уақыт кезеңінде зарядталмаса, EN-EL15a қайта зарядталмалы
батареяларын зарядтауды тоқтатыңыз.
Бұл сақтық шара
ларын қолданбау бат
ареялардың ағуына, қызып кетуіне,
жарылуына немесе өртенуіне əкелуі мүмкін.
Қоқысқа лақтыру алдында батареяның түйіспе тұстарын лентамен
оқшаулаңыз.
Түйіспе тұстарға металл заттар тисе, қызып кету, жарылу немесе өрт туындауы
мүмкін. Батареяларды жергілікті ережелерге сай қайта өңдеуге тапсырыңыз
немесе қоқысқа лақтырыңыз.
Егер батарея сұйықтығы адам терісіне немесе киімге тисе, əсер етілген
аумақты көп таза сумен дер
еу шайы
ңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау терінің тітіркенуіне əкелуі мүмкін.