Қолданушы нұсқаулығы
147
5 Ақ түс балансын көшіріңіз.
J түймешігін басып белгіленген фотосуреттің ақ түс
балансы мəнін таңдалған алдын-ала енгізілген мəнге
көшіріңіз. Белгіленген фотосуреттің аңғартпасы (0 270) бар
болса, ол таңдалған алдын-ала енгізілген мəннің
аңғартпасына көшіріледі.
A Ақ түс балансының қолмен алдын-ала енгізілген мəнін дəл
реттеу
Таңдалған алдын-ала енгізілген мəнді
Fine-tune (Дəл реттеу) параметрін таңдау
жəне «Ақ түс балансын дəл реттеу»
бөлімінде (0 134) сипатталғандай ақ түс
балансын реттеу арқылы дəл реттеуге
болады.
A Edit Comment (Аңғартпаны өңдеу)
Ағымдағы ақ түс балансының алдын-ала
енгізілген мəні үшін 36 таңбаға дейінгі
сипаттағыш аңғартпаны енгізу үшін ақ түс
балансының қолмен алдын-ала енгізілген
мəзірінде Edit comment (Аңғартпаны
өңдеу) пəрменін таңдап, аңғартпаны
енгізіңіз.
A Protect (Қорғау)
Ағымдағы ақ түс балансының алдын-ала
енгізілген мəнін қорғау үшін ақ түс
балансының қолмен алдын-ала енгізілген
мəні мəзірінде Protect (Қорғау) параметрін
таңдаңыз, содан кейін On (Қосулы) күйін
белгілеңіз жəне J түймешігін басыңыз.
Қорғалған алдын-ала енгізілген мəндерді
өзгерту мүмкін емес жəне Fine-tune (Дəл
реттеу) жəне Edit comment (Аңғартпаны өңдеу) параметрлерін
п
айдалану мүмкін емес.










