Қолданушы нұсқаулығы
152
A Қол режимі жəне автоматты режим арасында ауысу
Анық ету, анықтық, контраст жəне қанығуы
үшін қол жəне автоматты (A) параметрлер
арасында ауысу үшін X (T) түймешігін
басыңыз.
A Алдыңғы параметрлер
Picture Control параметрлері мəзірінде
көрсетілген мəннің астындағы j индикаторы
параметрдің алдыңғы мəнін көрсетеді. Бұны
параметрлерді реттеген кезде анықтама
ретінде пайдаланыңыз.
A Сүзгі əсерлері (тек монохромды)
Осы мəзірдегі параметрлер монохромды фотосуреттердегі түс
сүзгілерінің əсерін симуляциялайды. Келесі сүзгі əсерлері қол жетімді:
Параметр Сипаттама
Y Сары Контрастты күшейтеді. Пейзаж фотосуреттерінде
аспанның жарықтығының реңкін азайту үшін
пайдалануға болады. Сарғылт түс сарыға, ал қызыл
түс сарғылтқа қарағанда көбірек контраст береді.
O Сарғылт
R Қызыл
G Жасыл
Тері реңктерін жұмсартады. Портреттер үшін
пайдалануға болады.
A Toning (Реңк беру) (Monochrome Only (Тек монохромды))
Toning (Реңк беру) таңдалған кезде 3
түймешігі басылса, қанығуы параметрлері
көрсетіледі. Қанығуын реттеу үшін 4 немесе
2 түймешігін басыңыз. B&W (қара жəне ақ
түс) таңдалған кезде қанығуын басқару қол
жетімді емес.










