Қолданушы нұсқаулығы

153
Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting)
Қосылған D-Lighting жарық аумақтардағы жəне көлеңке
тұстардағы кішігірім элементтерді сақтап, табиғи контрасты бар
фотосуреттерді жасайды. Жоғары контрастты көріністер үшін
пайдаланыңыз, мысалы, есік немесе терезеден көрінетін көп
жарық түскен пейзажды фотосуретке түсіргенде я болмаса
шуақты күнде көлеңкеленген нысандардың суреттерін
түсіргенде пайдаланыңыз. Ол матрицалық өлшеммен бірге
пайдаланылған кезде ең тиімді болады (0 123).
Белгіленген тұстардағы жəне
көлеңкелердегі кішігірім элементтерді
сақтау
(Тек P, S, A жəне M режимдері)
Қосылған D-Lighting өшірулі Қосылған D-Lighting: Y Авто
A «Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting)» жəне «D-Lighting»
режимдерін салыстыру
Фотосурет жəне бейнефильм түсіру мəзірлеріндегі Active D-Lighting
(Қосылған D-Lighting) параметрі динамикалық ауқымды
оңтайландыру үшін суретке түсіру алдында экспозицияны реттейді, ал
өңдеу мəзіріндегі D-Lighting параметрі (0 275) суретке түсіруден кейін
кескіндердегі күңгірт аумақтарды жарықтандырады.