Қолданушы нұсқаулығы

154
Қосылған D-Lighting функциясын пайдалану үшін:
1 Active D-Lighting (Қосылған
D-Lighting) функциясын таңдаңыз.
Фотосурет түсіру мəзірінде Active
D-Lighting (Қосылған D-Lighting)
функциясын белгілеп, 2 түймешігін
басыңыз.
2 Параметрді таңдаңыз.
Қажет параметрді белгілеңіз жəне J
түймешігін басыңыз. Егер Y Auto
(Автоматты) күйі таңдалса,
фотокамера суретке түсіру
жағдайларына сай Қосылған
D-Lighting режимін автоматты түрде
реттейді (дегенмен, M режимінде Y Auto (Автоматты)
параметрі Q Normal (Қалыпты) параметріне тең болады).
D Қосылған D-Lighting
Қосылған D-Lighting арқылы түсірілген фотосуреттерде бұрмалану
(кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің əркелкілігі немесе
сызықтар) пайда болуы мүмкін. Кейбір нысандарда біркелкі емес
көлеңке көрініп тұруы мүмкін. Қосылған D-Lighting жоғары ISO
сезімталдықтарда (Hi 0,3–Hi 5) қолданылмайды.
A Қосылған D-Lighting жəне бейнефильмдер
Бейнефильм түсіру мəзірінде Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting)
үшін Same as photo settings (Фотосурет параметрлерімен бірдей)
таңдалса жəне фотосурет түсіру мəзірінде Auto (Автоматты)
таңдалса, бейнефильмдер Normal (Қалыпты) параметріне тең
параметрмен түсіріледі. Қосылған D-Lighting 3840 × 2160 кадр
өлшемінде қолданылмайды.
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
Түсірілімдер қатарында Қосылған D-Lighting мəнін өзгертіп отыру
туралы ақпаратты «Брекетинг» (0 219) бөлімінен қараңыз.